Сабырхан Голландиядағы жарысты бірінші жекпе-жектен кейін аяқтады

Махмуд Сабырхан

Махмуд Сабырхан. Фото: Olympic.kz

Әлем чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы Махмуд Сабырхан жарысты күтпеген жерден алғашқы жекпе-жектен кейін-ақ аяқтады. 55 келіге дейінгі салмақта ол украиналық жас боксшы Максим Зуменкоға есе жіберді.

Жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен аяқталып, жеңіс Зуменкоға берілді. Айта кетейік, ол – жастар арасындағы Еуропа чемпионатының қазіргі жеңімпазы.

Осылайша, жарыстың басты фавориттерінің бірі мықты мотивациясымен көзге түскен қарсыласынан жеңіліп, турнирден тыс қалды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
28 Авг - 13:04 Бокс
Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Астанада өткізеді
28 Авг - 11:15 Бокс
Әлімханұлы Шираз үшін ең қауіпті қарсылас болуы мүмкін: британдық боксшыны ауыр сынақ күтіп тұр
26 Авг - 13:45 Бокс
Шираз Алимханұлына қарсы міндетті жекпе-жек алдында WBO белбеуінен бас тартуы мүмкін
24 Авг - 16:22 Бокс
Санжар Ташкенбай кәсіпқой бокста титул үшін жекпе-жекпен дебют жасайды
04 Авг - 17:55 Бокс
Қазақстан әйелдер құрамасының Азия ойындарына қатысатын құрамы белгілі болды
02 Авг - 15:20 Бокс
Рэймонд Мураталья IBF чемпионы атағын сәтті қорғады
02 Авг - 11:02 Бокс
Қазақстандық боксшы бұрынғы әлем чемпионына қарсы титулдық жекпе-жек өткізеді
26 Июл - 00:57 Бокс
Энтони Джошуа екі нокдауннан кейін камбэк жасап, мерейтойлық жеңісіне жетті
22 Июл - 12:19 Бокс
Дмитрий Биволдың келесі жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды
21 Июл - 17:55 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақта «Канелоға» үндеу жасады