Евгений Павлов АҚШ-та титул үшін жұдырықтасады

Фото: Sm1.kz
Қазақстандық боксшы Евгений Павлов жазда WBC Continental Americas белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Кездесу 18 шілде күні АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Хановер қаласында өтеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы колумбиялық Альбейро Паредес болады.
Екінші жеңіл салмақта өтетін жекпе-жекте WBC Continental Americas ұйымының вакантты белбеуі сарапқа салынады.
Бұл Павлов үшін 2026 жылғы екінші кездесу болмақ. Сәуір айында ол екі жылдық үзілістен кейін кәсіпқой рингке оралып, америкалық Антонио Дантон Эл-кішімен өткен жекпе-жекте төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді.
Қазіргі уақытта Евгений Павлов кәсіпқой рингте 11 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның сегіз жеңісі нокаутпен аяқталған.
Ал Альбейро Паредес өз мансабында 14 рет жеңіске жетіп, оның 12-сін мерзімінен бұрын аяқтаған. Сонымен қатар колумбиялық боксшы екі рет жеңілген.



