Елхан Табынбаев 6 маусым күні шаршы алаңға оралады

Елхан Табынбаев

Елхан Табынбаев. Фото: profiboxing.kz

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Елхан Табынбаев (8-1, 6 КО) келесі кездесуін 6 маусымда Алматыда өткізеді. Ол өзбекстандық Джурабой Зокировпен (1-7, 0 КО) қолғап түйістіреді.

Табынбаев үшін бұл жекпе-жек былтыр шілдеден бергі алғашқы айқас болмақ. Сол кезде ол Тайландтың Бангкок қаласында жергілікті боксшы Рунгродж Аудомритті (12-13, 6 КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.

Ал Джурабой Зокиров соңғы рет 23 ақпанда Андижанда жұдырықтасып, отандасы Шукрулло Вохидовтан (7-1, 5 КО) мерзімінен бұрын жеңілген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру