Константин Горовенко «Ұлытаудың» тізгінін ұстай ма?

Константин Горовенко

Константин Горовенко. Фото: meta-ratings.kz

Қазақстандық белгілі бапкер Константин Горовенко Жезқазғанның «Ұлытау» футбол клубының бас бапкері атануы мүмкін. Бұл туралы «Серый CARDINAL» телеграм арнасы хабарлады.

Мәлімет бірнеше дереккөз арқылы тексерілген, әрі ақпараттың рас екені нақтыланған. Қазір Горовенко бас бапкерлік қызметке үміткерлер тізімінде бар.

Клуб басшылығы соңғы шешімді жақын күндері шығарады деп күтілуде.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру