Видео: Елена Рыбакинаның Арина Соболенкодан басым түскен US Open финалына шолу

17 scaled

Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің чемпионы атанды. Нью-Йорктегі финалда Қазақстанның теннисшісі әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Назарларыңызға тарихи финалдағы ең маңызды сәттердің видео шолуын ұсынамыз. Елена матчты сәтті бастап, бірінші партияны 6:4 есебімен алды. Екінші сетте Соболенко таразы басын теңестіріп, 7:5 есебімен жеңді. Ал шешуші үшінші партияда Рыбакина қайтадан ойын тізгінін қолға алып, чемпиондық титулды жеңіп алды.

Финал 2 сағат 23 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші 12 эйс жасап, бес қос қателікке жол берді. Сонымен қатар 12 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Соболенкодан басым түсу арқылы Елена US Open турниріндегі алғашқы чемпиондық атағын иеленді.

Нью-Йорктегі бұл жеңіс Рыбакинаның Үлкен дулығадағы үшінші титулы болды. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдонды, ал 2026 жылдың басында Australian Open жарысын жеңген еді. Енді Елена US Open чемпионы атанып қана қоймай, WTA рейтингінде алғаш рет көш бастап, әлемнің бірінші ракеткасы болады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
13 Окт - 15:45 Теннис
Юлия Путинцева камбэк жасап, Ухань турнирінің екінші кезеңіне өтті
12 Окт - 14:54 Теннис
Арина Соболенко Елена Рыбакинамен бәсекелестігі туралы пікір білдірді
12 Окт - 09:15 Теннис
Анна Данилина жұптық сындағы WTA рейтингінде жетінші орынға түсті
12 Окт - 08:38 Теннис
Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі көшбасшылығын сақтады, Мирра Андреева үздік үштікке енді
11 Окт - 18:14 Теннис
Александр Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің төртінші айналымына шықты
11 Окт - 13:24 Теннис
Юлия Путинцева Уханьдағы WTA-1000 турнирінің негізгі кезеңіне шықты
09 Окт - 08:30 Теннис
Елена Рыбакина бастаған 11 теннисші Ухань турниріне қатыспайды
08 Окт - 13:45 Теннис
Мирра Андрееваны Пекиндегі матчта фаворит деп атады
08 Окт - 09:45 Теннис
Sports Illustrated Елена Рыбакинаның жағдайына қатысты сұрақ көтерді
06 Окт - 13:45 Теннис
Григорий Ломакин Униндегі «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты