Елена Рыбакина Токиодағы турнирді жалғастырудан бас тартты

Елена Рыбакина

Елена Рыбакина. Фото: Пресс-служба ФТК

Әлемнің жетінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирдің жартылай финалында ойнаудан бас тартты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Спортшының жарысты жалғастыра алмауына арқасындағы жарақат себеп болды.

«Өкінішке қарай, бүгін кортқа шыға алмаймын. Бұл аптада арқа тұсымда ауырсыну сезілді, және мен 100 пайыз дайын емеспін. Жанкүйерлерімнің менің ойынымды көре алмайтынына қатты қапаламын, бірақ келесі жылы қайта кездесеміз деп үміттенемін», — деді Рыбакина WTA ресми сайтына берген сұхбатында.

Жартылай финалда Елена Чехия елінің 17-ракеткасы Линда Носковамен кездесуі тиіс еді. Бұған дейін Рыбакина турнирдің алғашқы екі кезеңінде Лейла Фернандес пен Кэтрин Макналлиді жеңіп, сенімді ойын көрсеткен болатын.

Осылайша, Носкова финалға автоматты түрде өтті. Ал Рыбакина үшін Токио турнирі Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтетін WTA маусымдық финалы алдындағы соңғы дайындық жарысы болды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
30 Июл - 18:11 Теннис
Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирмен қоштасты
27 Июл - 10:55 Теннис
Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі екінші орнын сақтап қалды
26 Июл - 16:43 Теннис
Астанада теннистен Қазақстан чемпионаты аяқталды
21 Июл - 10:55 Теннис
Қазақстандық теннисші Өзбекстандағы халықаралық турнирде алтын жеңіп алды
18 Июл - 18:48 Теннис
Александр Шевченко Швейцариядағы ATP турнирінің жартылай финалында жеңілді
13 Июл - 21:10 Теннис
Тимофей Скатов Гштаадтағы ATP 250 турнирін алғашқы айналымда аяқтады
13 Июл - 19:04 Теннис
Жібек Құламбаева Яссыдағы WTA 250 турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 16:08 Теннис
Денис Евсеев Нидерландыдағы ATP Challenger турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 09:35 Теннис
WTA рейтингі жаңартылды: қазақстандық теннисшілердің жаңа орындары белгілі болды
04 Июл - 19:46 Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турниріндегі жарысын аяқтады