Елена Рыбакина Мадридте ұтылып, шамамен 50 млн теңге тапты

Фото: WTA
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мадридтегі WTA 1000 турнирін 1/8 финалда аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Жеңіліске қарамастан, ол қомақты сыйақы алды.
Ширек финалға шығу үшін өткен матчта әлемнің екінші ракеткасы австриялық Анастасия Потаповаға жол берді. Кездесу екі сетте аяқталды — 6:7, 4:6.
Осылайша, Потапова 1/4 финалға өтіп, Каролина Плишковамен кездеседі. Ал Рыбакина турнирдегі өнерін аяқтады.
1/8 финалға шыққаны үшін қазақстандық теннисші 92 470 еуро, яғни шамамен 49,7 миллион теңге (салықсыз) табыс тапты. Турнир жеңімпазы 535 585 еуро алады.
Алдыңғы мақала:
«ПСЖ» «Баварияны» тоғыз гол соғылған матчта жеңдіКелесі мақала:
Гарри Кейн Чемпиондар лигасында рекорд орнатты
