Даңқты Пакьяо рингке қайта оралады

Мэнни Пакьяо

Мэнни Пакьяо. Фото: Getty Images

Бокс әлемінің тірі аңызы, алты салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Мэнни Пакьяо кәсіпқой рингке қайта оралуға дайындалып жатыр. Ол WBC ұйымының 66,7 келіге дейінгі салмақтағы жаңа рейтингінде қайта тіркеліп, көпшілікті таңғалдырды.

Осыған байланысты WBC президенті Маурисио Сулейман әлеуметтік желідегі парақшасында Пакьяо мен америкалық Марио Барриос арасында әлем чемпиондығы үшін жекпе-жек ұйымдастырылуы мүмкін екенін растады. Барриостың кәсіби рекорды – 29 жеңіс, 2 жеңіліс және 1 тең ойын.

Сулейманның айтуынша, Пакьяо Невада штатының лицензиясын алған және барлық медициналық тексерістен сәтті өткен. «20 шілдеде сөйлесеміз» деген сөзбен ол алдағы уақытта нақты шешім жарияланатынын меңзеді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру