«Челсидің» бұрынғы ойыншысы Оскар жүрек сырқатына байланысты ауруханаға түсті

Оскар

Фото: The Guardian

Бразилиялық футболшы, Лондонның «Челси» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Оскар жаттығу кезінде есінен танып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жүрегінен сырқат анықтаған, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Оқиға футболшы өнер көрсетіп жүрген «Сан-Паулу» командасының жаттығу базасында болған.

Global Esporte басылымының хабарлауынша, 33 жастағы ойыншы велотренажерде жаттығу жасап жатқан сәтте өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Клубтың медициналық қызметі алғашқы көмек көрсетіп, дереу ауруханаға жеткізген. Айта кетейік, биыл тамыз айында да дәрігерлер Оскардың жүрегінен ауытқулар анықтаған, алайда сол кезде оған ойнауға рұқсат берілген болатын.

Қытайдың «Шанхай Порт» клубында бірнеше маусым өнер көрсеткеннен кейін Оскар 2024 жылдың қысында туған клубы «Сан-Паулуға» оралды. Осы уақытқа дейін ол 21 матчқа қатысып, тамызда жарақат алып, алаңға қайта шықпаған еді. Қазір футболшы дәрігерлердің бақылауында, ал мамандар оның мансабын аяқтау мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Оскар — Англияның екі дүркін чемпионы және Еуропа лигасының жеңімпазы. Ол Бразилия құрамасы сапында 48 ойын өткізіп, 12 гол соққан.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Май - 09:15 Футбол
«Челси» Килиан Мбаппені сатып алуға қызығушылық танытып отыр
21 Май - 08:30 Футбол
«Астон Вилла» тарихында алғаш рет Еуропа лигасын жеңіп алды
20 Май - 20:46 Футбол
Қазақстанның жаңа толқыны. Испания мен Бельгия клубтары бақылап жүрген қазақ таланттары
20 Май - 09:34 Футбол
Абат Айымбетов румыниялық «Петролулдан» кетуі мүмкін
20 Май - 08:45 Футбол
«Арсенал» 22 жылдан кейін Англия чемпионы атанды
19 Май - 09:26 Футбол
Карло Анчелотти Неймардың Бразилия құрамасы үшін маңызын айтты
19 Май - 08:23 Футбол
Неймар Бразилия құрамасының әлем чемпионатына арналған тізіміне енді
18 Май - 12:06 Футбол
Ислам Чесноковқа «Хартстың» негізгі құрамына ену үшін қандай қасиеттер қажет екені айтылды
18 Май - 10:19 Футбол
Нұралы Әліп «Зенитпен» бірге төртінші рет Ресей чемпионы атанды
18 Май - 08:34 Футбол
Александр Бублик ATP рейтингінің үздік ондығына қайта оралды