Бекман Сойлыбаев WBO World Title чемпионы атанды

Бекман Сойлыбаев
23 ақпанда Ақтауда Adal Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кеші өтті.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (20-1, 10 КО) танзаниялық Абейд Зугиді (15-0, 13 КО) нокаутпен жеңіп, WBO чемпиондық белбеуін иеленді.
Сойлыбаев алғашқы раундтардан-ақ басымдықты қолына алып, шеберлігін көрсетті. Оның рингтегі айқын үстемдігі бесінші раундта қарсыласын сұлатып түсіруге мүмкіндік берді.