Астанада дзюдодан Grand Slam турнирі қайта өтеді

Абиба Абужакынова

Абиба Абужакынова. Фото: Olympic.kz

Астана қаласы 9-11 мамыр күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында дзюдодан Grand Slam сериясының кезекті кезеңін қабылдайды. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл елорда бұл беделді жарысты үшінші мәрте өткізгелі отыр. IJF ережесіне сәйкес, турнир қорытындысы бойынша әлемдік және олимпиадалық рейтингтерге ұпайлар жазылады.

Атап айтқанда, бірінші орын алған балуан – 1000, екінші орын – 700, ал үшінші орын – 500 ұпай еншілейді. Айта кетейік, 2023 жылы Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) арасында төрт жылдық келісім жасалып, еліміз бұл турнирді 2026 жылға дейін өткізеді деп белгіленген.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 10:48 Күрес
Виктория Хусаинова әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам қалғанда жеңілді
16 Окт - 09:15 Күрес
Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
13 Окт - 08:30 Жекпе-жек Күрес
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатының финалына шықты
12 Окт - 12:05 Күрес
ACA президенті 50 жауынгердің қысқаруына қатысты пікір білдіріп, Қадыровтың рөлін түсіндірді
11 Окт - 16:28 Күрес
Қазақстан құрамасы Бакудегі дзюдодан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады
05 Окт - 19:51 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдесіз қалды
05 Окт - 12:42 Күрес
Нұрқанат Серікбаев Бакудегі әлем чемпионатындағы жолын аяқтады
08 Сен - 13:47 Басқа Күрес
Арман Оспанов Шымкент қаласының күрес федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
04 Сен - 17:55 Басқа Күрес
Ернұр Сүлеймен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды
29 Авг - 21:03 Күрес
Лозаннадағы Grand Slam: дзюдошы Абылайхан Жұбаназар алтын жүлдегер атанды