Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық балуан Шұғыла Өмірбек Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі 55 келіге дейінгі салмақта жүлдеге таласты.
Үшінші орын үшін белдесуде Шұғыла украиналық Снежана Онуфриеваға қарсы шықты. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық балуан 11:10 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді. Осылайша, ол Лас-Вегастағы жарысты жүлдемен аяқтады.
Өмірбектің турнирдегі алғашқы белдесуі түркиялық Туба Демирге қарсы өтіп, қазақстандық спортшы 5:2 есебімен жеңіске жетті. Алайда ширек финалда жапониялық Юна Саватаниға 3:5 есебімен жол берді. Кейін Саватанидің финалға шығуы Шұғылаға жүлде үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік берді.
Утешительный кезеңдегі алғашқы белдесуінде қазақстандық балуан моңғолиялық Халиун Бямбасурэнді 11:2 есебімен жеңді. Артынша Шұғыла Өмірбек үшінші орын үшін өткен кездесуде де қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан қоржынына тағы бір әлем чемпионатының жүлдесін салды.



