Хусановты уақытша басқа командаға жіберу жоспарда бар

Абдукодир Хусанов

Абдукодир Хусанов. Фото: Getty Images

Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов алдағы жазда «Манчестер Ситиден» кетуі мүмкін. Ол ағылшын клубына 2025 жылдың қаңтарында француздың «Ланс» командасынан 40 миллион еуроға ауысқан болатын.

Алайда жоғары бәсекелестікке байланысты жас футболшы тұрақты ойын практикасына қол жеткізе алмай жүр. Бас бапкер Хосеп Гвардиола Хусановты жалға беру бастамасын құптады. Себебі соңғы рет ол наурыз айында алаңға шыққан, ал соңғы төрт матчтың біреуіне де қатыспаған.

Қазіргі таңда қорғаушыны Англия Премьер-лигасы мен Еуропаның өзге де лигаларындағы бірнеше клуб өз қатарында көргісі келеді. Fichajes порталының мәліметінше, футболшының болашағына қатысты шешім жақын арада жаттықтырушылар штабы мен ойыншының өзара келісімімен қабылданады. Айта кетейік, Хусанов биылғы маусымда 6 матч өткізген. Оның қазіргі нарықтық құны – 35 миллион еуро.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді