Велоспорт: Рината Сұлтанова Азия чемпионы атанды

Рината Султанова

Фото: НОК РК

Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында тас жолдағы велоспорттан өтіп жатқан Азия чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды.

Әйелдер арасындағы элита санатында өткен уақытқа жарыста ұлттық құрама өкілі Рината Сұлтанова алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы 20 шақырымдық қашықтықта барлық қарсыласынан озып, мәреге бірінші болып жетті. Осылайша, Рината Сұлтанова Азия чемпионы атанып, құрлықтық біріншіліктегі алғашқы алтынды Қазақстан қоржынына салды.

20 шақырымға өткен жарыстың қорытындысы бойынша екінші орынды Қытай Гонконгінің өкілі Йе Вин Лун иеленсе, қола медаль Қытай спортшысы Хао Чжанға бұйырды. Бұл нәтижелер әйелдер арасындағы финалдық хаттамада тіркелді.

Айта кетейік, ерлер арасында дәл осы дисциплинада 31 шақырымға уақытқа жарыс 11 ақпанда өтеді. Тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты Сауд Арабиясында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Құрлықтық дода 11 ақпанда өз мәресіне жетеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Май - 14:45 Велосипед
Астанада тректегі велоспорттан халықаралық турнир өтеді
02 Май - 14:56 Велосипед
Баллерини «Президенттік Түркия турының» кезеңінде жеңіске жетті
21 Апр - 14:42 Велосипед
Әлішер Жұмақан велотректен Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
20 Апр - 13:01 Велосипед
Николя Винокуров «Хайнань турында» үздік азиялық велошабандоз атанды
16 Апр - 18:24 Велосипед
«Астана» «Хайнань турында» кезеңінде жеңіске жетіп, жалпы есепте көш бастады
30 Мар - 13:23 Велосипед
Жұмақан тректегі велоспорттан Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды
27 Мар - 20:08 Велосипед
«Астана» велокомандасының шабандозы Италиядағы кезеңде жүлдегер атанды
17 Мар - 14:38 Велосипед
Қазақстан тректегі велоспорттан Азия чемпионатында өнер көрсетеді
08 Фев - 20:17 Велосипед
«XDS Astana Team» командасының шабандозы «Оман туры» көпкүндігінде екінші орын алды
05 Фев - 12:17 Велосипед
Велоспорт: Рината Сұлтанова Азия чемпионы атанды