Анна Данилина Страсбургтегі WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты

Анна Данилина

Фото: Sportburo

Қазақстанның жұптық сындағы ең үздік теннисшісі Анна Данилина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ширек финалда қазақстандық теннисші ресейлік Екатерина Александровамен бірге америкалық Эйжа Мухаммад пен венгриялық Фанни Столлар жұбына қарсы ойнады.

Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылып, қазақстандық-ресейлік дуэттің үш сеттегі жеңісімен аяқталды — 7:5, 3:6, 10:6.

Айта кетейік, бұл жұптар бұған дейін бір-бірімен кездесіп көрмеген. Сонымен қатар америкалық Эйжа Мухаммад жақында ғана Анна Данилинамен бірге жұптық сында өнер көрсеткен болатын. Мамыр айында олар Римдегі WTA 1000 турнирінің ширек финалына дейін жеткен еді.

Жартылай финалда Данилина мен Александрова бразилиялық Луиза Стефани және канадалық Габриэла Дабровски жұбымен кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
06 Окт - 13:45 Теннис
Григорий Ломакин Униндегі «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты
06 Окт - 12:05 Теннис
Тимофей Скатов Шанхайдағы ATP-1000 турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады
06 Окт - 11:20 Теннис
Мирра Андреева Бейжіңдегі WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты
05 Окт - 15:46 Теннис
Александр Шевченко Шанхайдағы ATP-1000 турниріндегі жолын аяқтады
05 Окт - 13:27 Теннис
Тимофей Скатов Шанхайдағы ATP-1000 турнирінің іріктеу финалына шықты
02 Окт - 15:05 Теннис
Путинцева мен Данилина Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
01 Окт - 10:45 Теннис
Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді
30 Сен - 14:15 Теннис
Юлия Путинцева мен Александр Шевченко Азия ойындарының жартылай финалына өтті
28 Сен - 12:05 Теннис
Жібек Құламбаева мен Соня Жиенбаева жұптық жарысты жеңіспен бастады
26 Сен - 13:45 Теннис
Александр Бублик Лэйвер кубогындағы алғашқы матчында жеңіліске ұшырады