Қазақстанның жаңа толқыны. Испания мен Бельгия клубтары бақылап жүрген қазақ таланттары

bisvubhmfofheltxatuyvbqk9onuwlqejgfuehbbwlhb1pyofqoailrilexefxud5p5jim9y ykcdxxetwfpa8dc.jpg 1

Қазақстан футболы соңғы жылдары тек ел ішінде емес, Еуропада да жиі айтыла бастады. Қазір көптің назары ҚПЛ мен ұлттық құрамаға ауып тұрғанымен, Еуропаның академиялары мен жастар командаларында қазақстандық таланттар біртіндеп өсіп келеді. Олардың кейбірі қазірдің өзінде ірі клубтардың жүйесіне еніп, үлкен футболға жақындап қалды.

Солардың бірі — Шыңғыс Әлікеев. Астанадан шыққан вингер бірнеше жылдан бері Португалияда доп теуіп жүр және қазір «Бенфиканың» жүйесінде ойнайды. Оған кезінде «Брага» да қызыққан, бірақ лиссабондық клуб қазақстандық ойыншыға көбірек сенім артты. Өткен маусымда Аликеев өз командасымен чемпион атанып, жақсы статистика көрсетті. Биыл да жарақатына қарамастан дамуынан тоқтаған жоқ. Оны жылдамдығы, дриблингі және шабуылды өткірлей алатын қасиеті үшін жоғары бағалайды. Жақында ол Еуропадағы танымал агенттіктердің біріне қосылды.

Испанияда да болашағынан үміт күттіретін қазақ балалары бар. Соның бірі — Ғабидолла Оразалы. Ол небәрі 14 жаста болса да, қазір «Валенсия» академиясында ойнап жүр. Әмбебап футболшы шабуылдың бірнеше позициясында еркін ойнай алады. Биыл ол жиырмадан аса гол соғып, түрлі жасөспірімдер турнирінде командасына көмектесті. Әсіресе «Барселона» академиясына қарсы матчтардан кейін оған қызығушылық күшейгені айтылады.

Бельгияда Шахмұрат Дәулетовтің аты жиі аталып жүр. Ол алғашында Түркияда ойнап, кейін «Генк» жүйесіне ауысты. Қазір жастар құрамасының негізгі ойыншыларының біріне айналды. Осы маусымда сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Бұдан бөлек, өзінен үлкен футболшылармен бірге алаңға шығып жүр және Жасөспірімдер арасындағы УЕФА лигасында дебют жасады. Оған басқа еуропалық клубтардың да назар аудара бастағаны айтылып жүр.

Ал Кәрім Меңдіқановты кейбір испаниялық басылымдар «қазақ бриллианты» деп атап үлгерді. Оралда туған ойыншы алғаш футболды Қазақстанда бастап, кейін Испанияға кеткен. Қазір ол өз жасындағы үздік ойыншылардың бірі саналады және жақын арада «Барселона» жүйесіне қосылуы мүмкін. Каримге «Бетис», «Севилья», «Вильярреал» және «Жирона» клубтары да қызыққан. Жаттықтырушылар оның алаңдағы ойлау қабілетін және жылдам шешім қабылдай алатынын ерекше атап өтеді.

Испаниядағы «Леванте» жүйесінде де бірнеше қазақстандық өнер көрсетіп жүр. Соның бірі — Алдияр Нұрғали. Ол қазірдің өзінде резервтік командамен жаттығып, жастар деңгейінде тұрақты түрде гол соғып келеді. Ал Шыңғыс Калиев «Леванте B» сапында ойнайды және Қазақстанның жасөспірімдер құрамасында тәжірибе жинап үлгерген. Сонымен қатар Салим Хасанов та назар аудартуда. Ол Испанияға барғаннан кейін көп ұзамай «Вильярреал» жүйесіне өтіп, жаңа ортаға бейімделіп жатыр.

Бұл ойыншылардың бәрін біріктіретін нәрсе — үлкен футболға жетуге деген талпыныс. Көптеген ата-ана баласының арманы үшін ел ауыстырып, жұмысын тастап, тәуекелге барып жатыр. Қазірдің өзінде бірнеше қазақ баласы Еуропаның мықты академияларында жүр. Егер осы қарқын сақталса, алдағы жылдары Қазақстан құрамасы еуропалық мектептен өткен жаңа буын футболшыларға ие болуы әбден мүмкін.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Май - 20:46 Футбол
Қазақстанның жаңа толқыны. Испания мен Бельгия клубтары бақылап жүрген қазақ таланттары
20 Май - 09:34 Футбол
Абат Айымбетов румыниялық «Петролулдан» кетуі мүмкін
20 Май - 08:45 Футбол
«Арсенал» 22 жылдан кейін Англия чемпионы атанды
19 Май - 09:26 Футбол
Карло Анчелотти Неймардың Бразилия құрамасы үшін маңызын айтты
19 Май - 08:23 Футбол
Неймар Бразилия құрамасының әлем чемпионатына арналған тізіміне енді
18 Май - 12:06 Футбол
Ислам Чесноковқа «Хартстың» негізгі құрамына ену үшін қандай қасиеттер қажет екені айтылды
18 Май - 10:19 Футбол
Нұралы Әліп «Зенитпен» бірге төртінші рет Ресей чемпионы атанды
18 Май - 08:34 Футбол
Александр Бублик ATP рейтингінің үздік ондығына қайта оралды
16 Май - 12:54 Футбол
Шымкентте УЕФА финалдарын қабылдай алатын жаңа стадион салынып жатыр
16 Май - 10:00 Футбол
Мануэль Нойер «Бавариямен» келісімшартын ұзартуға қатысты пікір айтты