Ангелина Лукас әлемдік ТОП-3-ке кірді – енді абсолют чемпион атағына таласуға дайын

Ангелина Лукас

Ангелина Лукас. Фото: LightRocket via Getty Images

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (14-1, 7 KO) BoxRec.com сайтының жаңартылған рейтингінде үлкен серпіліс жасап, наилегчайший салмақта әлемнің үздік үштігіне кірді. Бұған дейін ол 12-орында тұрған болатын.

Ол бұл қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісіп, былай деп жазды:

«Сезімімді сөзбен жеткізу қиын! Әйелдер кәсіпқой боксында 224-тен астам спортшының арасынан ТОП-3-ке ендім. Қазірдің өзінде 85 раунд артта қалды! Енді мен абсолют чемпион атағы үшін айқасуға толық лайықпын!»

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру