Алматыда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалы өтеді

Лига чемпионов УЕФА по футзалу

Фото: UEFA via Getty Images

Алматы қаласы 2025/26 жылғы маусымдағы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалын қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz сайты.

Бұл жаңалықты ресми түрде УЕФА жария етті. Бұған дейін де қала өз кандидатурасын ұсынған, алайда сол жолы таңдау Францияның Ле-Ман қаласына түскен еді.

Келесі маусымнан бастап жарыстың форматына өзгерістер енгізіледі. Енді 1/8 және 1/4 финал кезеңдері екі ойыннан тұратын болады. Бұл өз алаңында ойнауға мүмкіндік беріп, командаларға тең жағдай жасайды.

Айта кетейік, биылғы маусымда Қазақстанның «Қайрат» клубы финалдық төрттікке өтіп, испаниялық «Картехенаға» қарсы ойнайды. Екінші жартылай финалда «Спортинг» пен «Пальма» кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді