Бекзат Алмахан UFC 315 турниріне чемионмен дайындалып

Бекзат Алмахан

Бекзат Алмахан. Фото: bekzatalmahan/Instagram

Қазақстандық файтер Бекзат Алмахан UFC 315 турниріндегі жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр. Жекпе-жек 10 мамыр күні Канадада, Монреаль қаласында өтеді. Қазір Бекзат АҚШ-та — әлемге танымал American Top Team залында жаттығу жүргізуде.

Ол бұл лагерь аясында UFC-дің қазіргі чемпионы, бразилиялық Александр Пантожамен спарринг өткізіп үлгерді. Бұл тәжірибе Бекзат үшін маңызды сәт болды. Енді ол октагонға канадалық Брэд Катонаға қарсы шығады.

Айта кетейік, бұл Алмаханның ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегі. Ол UFC-дегі дебютін 2024 жылдың наурызында өткізіп, Умар Нурмагомедовпен айқаста қарсыласын бірінші болып нокдаунға түсірген. Бір жылдық үзіліс пен операциядан кейін Бекзат үлкен спортқа қайта оралмақ.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 17:45 ММА
Менеджер Али Абдель-Азиз Фарид Башараттың UFC-ден кеткеніне қатысты пікір білдірді
14 Окт - 15:45 ММА
Тим Цзю үшін Ларамен жекпе-жек тарихи мүмкіндікке айналуы мүмкін
12 Окт - 16:45 ММА
Мехонцев Бивол мен Смит жекпе-жегі туралы пікір білдірді
11 Окт - 12:05 ММА
Брендан Аллен UFC Fight Night 290 турнирінде Кристиан Леруа Данканы мерзімінен бұрын жеңді
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
08 Окт - 16:00 ММА
Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін жекпе-жегі қаңтарға шегерілді
07 Окт - 14:50 ММА
Қуат Хамитов Қазақстан құрамасын Фарер аралдарымен матчтан кейін сынады
07 Окт - 13:45 ММА
Жалғас Жұмағұлов үлкен жекпе-жек үшін октагонға оралуға дайын
07 Окт - 11:35 ММА
Шавкат Рахмонов 2027 жылы Майкл Моралеске қарсы жекпе-жекке ишара жасады
06 Окт - 16:22 ММА
Забит Магомедшарипов RAF күрес лигасымен келісімшартқа отырды