Алматыда 35 мың орындық жаңа стадион бой көтермек

Алматы қаласында халықаралық деңгейдегі жаңа футбол стадионы салынатыны белгілі болды. 35 мың көрерменге арналған арена УЕФА-ның төртінші санаттағы талаптарына сәйкес келеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жоба аясында жаттығу базалары, жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары және заманауи қауіпсіздік жүйелері қарастырылған. Стадион Күлджін және Талғар трассаларының арасындағы 15 гектар аумақта бой көтермек. Нысанның айналасында көлік-транспорт торабы жасалып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайлы жағдай жасалады.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жоба таныстырылымында Президенттің тапсырмасына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын келесі жылы бастау қажет екенін атап өтті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру