Әлемдік рейтинг: қазақстандық боксшылар World Boxing тізімінде үздіктер қатарында

Нурбек Оралбай

Фото: Sportsfile

World Boxing ұйымы алғашқы ресми әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Тізімге ерлер мен әйелдер арасындағы маусым қорытындысы бойынша үздік боксшылар енді.

Ерлер арасында көшті өзбекстандық Абдумалик Халоков (60 кг) пен Асадхуджа Муйдинхуджаев (65 кг) бастады — екеуінің де еншісінде 3000 ұпай бар. Үшінші орында кубалық Эрисланди Альварес (65 кг) — 2100 ұпай. Төртінші сатыға қазақстандық Айбек Оралбай (90+ кг) орналасты — 2025 ұпай. Ал 1650 ұпай жинаған Санжар Ташкенбай (50 кг) мен Махмуд Сабырхан (55 кг), сондай-ақ өзбек боксшылары Фазлиддин Эркинбоев (75 кг), Джавохир Умматалиев (80 кг) және Турабек Хабибуллаев (90 кг) бесінші орынды бөлісті.

Әйелдер арасында көшбасшы — польшалық Юлия Шеремета (57 кг), оның еншісінде 2075 ұпай. Екінші орында түркиялық Бусеназ Чакыроглу (51 кг) — 1975 ұпай, ал үздік үштікті бразилиялық Ребека Де Лима Сантос (60 кг) түйіндеді — 1837,5 ұпай. Қазақстандық Назым Қызайбай (51 кг) 1750 ұпаймен төртінші орынға ие болды. Ал бесінші орында — Тайвань өкілі Хуан Сяовэнь (54 кг) — 1725 ұпай.

Осылайша, қазақстандық боксшылар ерлер мен әйелдер рейтингінде үздіктер қатарынан көрініп, елдегі бокс мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады