Қазақстан теннистің дамуы жөнінен әлемдегі үздік 10 елдің қатарына кірді

Женская сборная Казахстана по теннису

Фото: Пресс-служба ФТК

Қазақстан ITF-тағы (Халықаралық теннис федерациясы) өзінің дауыс санын көбейтті.

Халықаралық теннис федерациясының жыл сайынғы жалпы жиналысында 200 ұлттық делегация өкілдері Қазақстан рөлін нығайту мәселесі бойынша дауыс берді. Шешім басым көпшілікпен – 91 пайыз дауыспен қолдау тауыпты. Қазақстанға дауыс саны 12-нің ішінен жетіден тоғызға дейін ұлғайтылды. Бұл – алты деңгейдің ішінен екінші нәтиже.

Елдер мынадай қағидалар бойынша бөлінеді: 5 елдің 12 даусы, Қазақстанмен бірге 15 елдің 9, 10 елдің 7 даусы бар. Енді біздің еліміз ITF-қа ықпалы жөнінен Италия, Чехия, Канада, Испания, Швеция, Швейцария, Қытай, Жапония және басқа елдермен бір қатарда.  ITF-қа кіретін елдердің дауыстары  шешім қабылдаған кезде әлемдегі теннистің дамуына ықпал етеді.

Осылайша, Қазақстан теннистің жалпы даму деңгейі жөнінен әлемдегі 10 елдің қатарына ресми түрде енді.

Шешім қабылдау кезінде мынадай факторлар: тенниспен айналысушылар саны, арбадағы теннистің дамуы, корттар саны, ұлттық құрамалар нәтижелері,  соның ішінде ойыншылардың Олимпиада, Дэвис кубогы және Билли Джин Кинг кубогы командалық жарыстарындағы көрсеткіштері ескерілді.

Қазіргі таңда Қазақстанда 17,5 мыңнан астам бала тенниспен тұрақты айналысып, турнирлерге қатысуда. Елде жыл сайын 250-ден астам, соның ішінде 40-тан астам халықаралық жарыстар өткізіледі.

Тегтер:
Соңғы жаңалықтар
13 Окт - 15:45 Теннис
Юлия Путинцева камбэк жасап, Ухань турнирінің екінші кезеңіне өтті
12 Окт - 14:54 Теннис
Арина Соболенко Елена Рыбакинамен бәсекелестігі туралы пікір білдірді
12 Окт - 09:15 Теннис
Анна Данилина жұптық сындағы WTA рейтингінде жетінші орынға түсті
12 Окт - 08:38 Теннис
Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі көшбасшылығын сақтады, Мирра Андреева үздік үштікке енді
11 Окт - 18:14 Теннис
Александр Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің төртінші айналымына шықты
11 Окт - 13:24 Теннис
Юлия Путинцева Уханьдағы WTA-1000 турнирінің негізгі кезеңіне шықты
09 Окт - 08:30 Теннис
Елена Рыбакина бастаған 11 теннисші Ухань турниріне қатыспайды
08 Окт - 13:45 Теннис
Мирра Андрееваны Пекиндегі матчта фаворит деп атады
08 Окт - 09:45 Теннис
Sports Illustrated Елена Рыбакинаның жағдайына қатысты сұрақ көтерді
06 Окт - 13:45 Теннис
Григорий Ломакин Униндегі «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты