16 жастағы Дастан Сатпаев ұлттық құрамаға шақырту алуы мүмкін

Дастан Сатпаев

Дастан Сатпаев

«Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сатпаев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі алдында Қазақстан құрамасының бапкерлерінің назарына ілікті.

ҚФФ кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман өзінің подкастында бас бапкер Әли Әлиев маусым басында Сатпаевтың ойынын мұқият бақылап, оның өнеріне жоғары баға бергенін айтты. Осылайша, Дастан ұлттық құрамаға шақыртылып, алғашқы ойынын өткізуі мүмкін.

Жас талант өзін жақсы танытып үлгерді – «Қайратқа» Қазақстан Суперкубогын жеңуге көмектесіп, КПЛ-дың алғашқы турында «Астананың» қақпасына гол соқты. Осы голдың арқасында ол «Қайрат» тарихындағы ең жас гол авторы атанды. Бұған дейін алматылық клуб Сатпаевтың «Челсиге» ауысатынын хабарлаған болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді