Роналду жаңа рекорд орнатты

Фото: Getty Images
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құрама сапындағы голдар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты.
Лига нацияларының Германияға қарсы жартылай финалында (2:1) ол 137-рет мергендік танытып, өз рекордын тағы жақсартты.
Оның басты қарсыласы Лионель Мессидің Аргентина құрамасындағы голдар саны – 112.
Қазір 40 жастағы Роналдудың жалпы мансаптық көрсеткіші – 937 гол. Соның 800-ін клубтық деңгейде, 137-сін ұлттық құрама сапында соққан.
Португалия енді Лига нацияларының финалында Испания мен Франция арасындағы жеңімпазбен кездеседі.
Алдыңғы мақала:
Балауса Муздиман 6 маусымда шаршы алаңға шығадыКелесі мақала:
Модрич «Реалмен» қош айтысып, «Миланға» бет түзеді
