Балауса Муздиман 6 маусымда шаршы алаңға шығады

Балауса Муздиман

Фото: muzdi___/Instagram

Қазақстандық боксшы Балауса Муздиман бастапқыда күшін жойған жекпе-жегінің 6 маусым күні өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында хабарлады.

«6 маусымда өтетін жекпе-жекке тыңғылықты дайындалдық. Салмақ түсірдік, моральдық жағынан да, физикалық жағынан да бар күшімізді салдық. Алайда үш күн қалғанда ұйымдастырушылар жекпе-жек болмайтынын айтты. Бұл біз үшін үлкен соққы болды. Бірақ командама алғысым шексіз – олар бұл мәселені шешіп берді», – деді ол.

Спортшының айтуынша, қазақстандық промоутерлер бірлесіп, боксшыларға қолдау көрсеткен. Енді Балауса 5 маусым күні таңертеңгілік салмақ өлшеуден өтіп, 6 маусымда рингке шығатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Балауса Муздиман осы кеш аясында мысырлық Айя Рамаданмен кездесуі керек еді. Турнирдің басты жекпе-жегі – Даня Милохин мен Байра арасындағы кездесу кейінге шегерілді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады