Шри-Ланкадағы «алтын жаңбыр»: қазақстандық арулар Азияны қалай бағындырды?

Айым Танкибаева

Айым Танкибаева. Фото: kazsports.kz

Шри-Ланканың Коломбо қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Финалдық жекпе-жектерде шаршы алаңға шыққан 12 қазақстандық боксшы қыздың бәрі де қарсыласын жеңіп, ел қоржынына алтын медаль салды.

Жеңіс шеруін 48 келі салмақтағы Айым Таңқыбаева бастады. Ол үндістандық қарсыласын 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Ал қалған жеті боксшымыз қарсыласын екінші раундта немесе алғашқы минуттарда-ақ тізе бүктіріп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Чемпион атанғандардың қатарында Сыла Биболсынқызы, Рахмина Абдумежитова, Жанель Имантаева, Ақнұр Тұрсынғали, Толғанай Қасымхан, Алина Құдайгенова, Ақбота Есімбекова, Мария Сидоренко, Зарина Толыбай, Құралай Егінбайқызы және Сабина Жақсылық бар. Бұл жеңістер Қазақстан қыздар боксындағы жүйелі жұмыстың жемісі екенін тағы бір дәлелдеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
18 Сен - 12:05 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов пен Хесус Рамос титулдық жекпе-жек алдында соңғы көзқарас дуэлін өткізді
17 Сен - 12:05 Бокс
Геннадий Головкин бокс бойынша Еуропа чемпионатына қатысу үшін Софияға барды
17 Сен - 10:45 Бокс ММА
Мейірім Нұрсұлтанов Хесус Рамоспен жекпе-жектен кейінгі мақсатын атады
17 Сен - 09:15 Бокс
Шираз бен Әлімханұлының титулдық жекпе-жектегі гонорары белгілі болды
16 Сен - 17:55 Бокс
Айдос Медет келесі жекпе-жегін 23 қазанда Хьюстонда өткізеді
14 Сен - 16:30 Бокс
Хамза Шираз операциядан кейін рингке оралатын уақытын айтты
14 Сен - 10:45 Бокс
Әлем чемпионы атағына екі рет таласқан Джордж Чувало 89 жасында қайтыс болды
11 Сен - 16:30 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз жекпе-жегінің тағдыры жаңа кезеңге өтті
28 Авг - 13:04 Бокс
Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Астанада өткізеді
28 Авг - 11:15 Бокс
Әлімханұлы Шираз үшін ең қауіпті қарсылас болуы мүмкін: британдық боксшыны ауыр сынақ күтіп тұр