Астанадағы ALASH PRIDE-108 турниріне UFC жұлдыздары жиналады

Дамир Исмагулов

Дамир Исмагулов. Фото: Zuffa LLC via Getty Images

27 мамыр күні Астанада аралас жекпе-жектен ALASH PRIDE-108 турнирі өтеді. Бұл шоу – лиганың 15 жылдығына арналған ерекше оқиға. Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Бас кардта Қазақстанның танымал спортшылары мен UFC-де өнер көрсеткен әлемдік деңгейдегі файтерлер жекпе-жекке шығады. Кештің басты жұлдыздары – Дамир Исмагулов, Қайрат Ахметов, Арман Оспанов пен UFC-дің бұрынғы чемпиондары Алджамейн Стерлинг пен Ренан Барао.

«2010 жылы алғашқы турнирлерді бастағанда, бұл жобаның осындай деңгейге жететініне ешкім сенбеген еді. Бүгінде ALASH PRIDE – халықаралық брендке айналды. Бұл – бір команда мен бір идеяның жемісі», – дейді лига негізін қалаған Данияр Қасқарауов.

Турнирге арнайы қонақ ретінде Олимпиада чемпионы Генри Сехудо мен UFC жұлдызы Дэйвисон Фигередо келеді. ALASH PRIDE-108 турнирі отандық ММА тарихындағы ең ірі және есте қаларлық шара болмақ.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар