Азияны дүбірлеткен жастар: Қазақстан былғары қолғап шеберлері 22 алтынмен оралды

Нурсултан Кыстаубай

Фото: kazsports.kz

10–24 мамыр аралығында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен бокстан U22 Азия чемпионатында жастар арасындағы бәсеке мәресіне жетті.

2007–2008 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында өткен жарыста 25 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Ұлдар арасынан 11 боксшымыз финалға шығып, соның 10-ы алтын медаль иеленді. 86 келіде Нұрсұлтан Қыстаубай қола жүлдеге қол жеткізсе, 71 келіде жүлде бұйырмады.

Бұған дейін қыздарымыз да барлық 12 салмақта топ жарған болатын. Осылайша Қазақстан U22 Азия чемпионатында 22 алтын иеленіп, жалпыкомандалық есепте жеке-дара көш бастады. Тәжікстан мен Қырғызстан сәйкесінше 2 және 1 алтынмен шектелді.

Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары Халықаралық бокс федерациясынан қаржылай сыйақы алды: бірінші орын – 1000 доллар, екінші – 500 доллар, үшінші орын – 250 доллар.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады