«Канело» Альварес әлемнің абсолютті чемпионы атанды

Сауль «Канело» Альварес

Сауль «Канело» Альварес. Фото: Getty Images

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес суперорта салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды. Ол Эр-Риядта өткен кештің басты жекпе-жегінде кубалық Уильям Скалды ұпай санымен жеңіп шықты.

Төрешілердің шешімі бойынша жеңіс «Канелоға» берілді — 115-113, 116-112, 119-109. Осылайша Альварес кәсіби рингтегі 63-жеңісіне қол жеткізіп, дивизиондағы барлық белбеуді біріктірді.

Скалл үшін бұл – мансабындағы алғашқы жеңіліс (23-1, 9 КО). Ал Канело қатарынан алтыншы рет жеңіске жетіп отыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар