Головкин мен Канело жекпе-жектері АҚШ-тағы ең табысты ондыққа енді

Геннадий Головкин

Геннадий Головкин. Фото: Getty Images

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің екі жекпе-жегі АҚШ тарихындағы ең табысты бокс кештері қатарына енді. Рейтинг кіріс көлемі бойынша жасалған және оған GGG мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы қос кездесу енгізілген.

2017 жылы Лас-Вегаста өткен алғашқы жекпе-жек 27,1 миллион доллар табыс әкелген. Бір жылдан кейінгі реванш 23,5 миллион доллармен 4-орынға тұрақтаған. Екі кездесу де көрермен қызығушылығы бойынша рекорд жаңартқан.

Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек 2022 жылы өтіп, онда да Альварес жеңімпаз атанды. Қазір Геннадий Головкин Қазақстан ҰОК президенті және World Boxing ұйымының Олимпиада комиссиясының төрағасы қызметін атқарып отыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады