Месси тарихтағы ең бай спортшылардың үздік бестігіне енді

Лионель Месси

Лионель Месси. Фото: Getty Images

«Интер Майами» клубында ойнап жүрген аргентиналық шабуылшы Лионель Месси әлем тарихындағы ең көп табыс тапқан спортшылардың алғашқы бестігіне кірді.

Мессидің мансап жолындағы жалпы табысы — 1,85 миллиард доллар. Бұл сомаға оның ойыншы кезіндегі жалақысы, бонустары, жарыс жүлделері, жарнама келісімшарттары мен түрлі гонорарлары кіреді. Осылайша ол алтыншы орыннан бесінші орынға көтерілді.

Бұл тізімде көш басында — Майкл Джордан (4,15 млрд), одан кейін Тайгер Вудс (2,79 млрд), Криштиану Роналду (2,23 млрд) және Леброн Джеймс (1,88 млрд). Айта кетейік, Месси «Барселонамен» төрт рет Чемпиондар лигасын, Аргентина құрамасымен 2022 жылғы әлем чемпионатын және екі мәрте Америка Кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар ол сегіз рет «Алтын доп» иегері атанған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді