Бесінші турдағы даулы сәттер: төрешілердің түсіндірмесі жарияланды

Судейский департамент КФФ

Фото: Getty Images

Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекция департаменті Премьер-лиганың 5-турында орын алған даулы эпизодтарға қатысты ресми түсіндірме берді. Талдау «Ордабасы» – «Жетісу», «Жеңіс» – «Елімай», «Тобыл» – «Ақтөбе» және «Тұран» – «Астана» матчтарын қамтиды.

«Ордабасы» ойынында «Жетісу» ойыншысы төреші шешіміне ашық наразылық білдіріп, алаңнан қуылуы тиіс болған, бірақ төреші бұл сәтті байқамай қалған. Сонымен қатар, матчта қауіпті ойын мен үміт күттірер шабуылды тоқтату сәттері тіркелді — бұл эпизодтарға да VAR араласқан жоқ.

«Жеңіс» – «Елімай» кездесуінде алаң иелерінің бапкері ережені бұзып, алаңға кіріп, допты қасақана тепкені үшін қызыл қағаз алуы керек еді. Ал «Тобыл» – «Ақтөбе» ойынында шабуыл кезінде қарсыласын итеріп жіберген фолдан кейін соғылған гол VAR көмегімен әділ түрде жоққа шығарылды. Ұқсас жағдай «Тұран» – «Астана» матчында да болды: бейнетексеруден соң төреші пенальти шешімін өзгертіп, ойын даулы доппен қайта басталды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді