Шавкат Рахмоновтың октагонға оралатын уақыты белгілі болды

Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмонов. Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың (19-0) бапкері Эдуард Базров шәкіртінің қашан қайта жекпе-жекке шығатынын айтты. Оның сөзінше, Шавкат Алматыда дайындалып жатыр және жарақатынан кейін жаттығуға толық кіріскен.

«Қазір Шавкат жаттығуларын бастады. Жағдайы жақсарып келеді, толыққанды жұмыс істей алады. Қайта жекпе-жекке шығуды күзге — шамамен қазан айына жоспарлап отырмыз. Қазір қарап отырмай, қозғалыста болуымыз керек. Уақыт өтуде, жаңа есімдер шығып жатыр», – деді Базров «Спорт Шредингера» арнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ бапкер 11 мамырда Монреальда өтетін Белал Мұхаммад пен Джек Делла Маддалена арасындағы чемпиондық жекпе-жекке қатысты да пікір білдірді. «Меніңше, бұл жекпе-жекте Белал жеңіске жетеді. Осыдан кейін біз бастапқы жоспарымызды жүзеге асыра аламыз деп үміттенемін. Шавкат чемпиондық айқасты қатты қалайды», – деді ол.

Айта кетейік, Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген еді. Бастапқыда оның қарсыласы Белал Мұхаммад болуы керек болған, бірақ ол кездесу денсаулығына байланысты өтпей қалған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 17:45 ММА
Менеджер Али Абдель-Азиз Фарид Башараттың UFC-ден кеткеніне қатысты пікір білдірді
14 Окт - 15:45 ММА
Тим Цзю үшін Ларамен жекпе-жек тарихи мүмкіндікке айналуы мүмкін
12 Окт - 16:45 ММА
Мехонцев Бивол мен Смит жекпе-жегі туралы пікір білдірді
11 Окт - 12:05 ММА
Брендан Аллен UFC Fight Night 290 турнирінде Кристиан Леруа Данканы мерзімінен бұрын жеңді
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
08 Окт - 16:00 ММА
Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін жекпе-жегі қаңтарға шегерілді
07 Окт - 14:50 ММА
Қуат Хамитов Қазақстан құрамасын Фарер аралдарымен матчтан кейін сынады
07 Окт - 13:45 ММА
Жалғас Жұмағұлов үлкен жекпе-жек үшін октагонға оралуға дайын
07 Окт - 11:35 ММА
Шавкат Рахмонов 2027 жылы Майкл Моралеске қарсы жекпе-жекке ишара жасады
06 Окт - 16:22 ММА
Забит Магомедшарипов RAF күрес лигасымен келісімшартқа отырды