Пэдди Пимблетт қазан айында октагонға оралады

Пэдди Пимблетт

Пэдди Пимблетт. Фото: Zuffa LLC

Ағылшын спортшысы Пэдди Пимблетт биыл тағы бір жекпе-жек өткізетінін растады. Бұл туралы MMA Insight басылымы хабарлады.

«Мен бұл жылы октагонға міндетті түрде ораламын. Тіпті Чендлермен жекпе-жек жайлы әңгіме шықпай тұрып-ақ қазан айында Абу-Дабиде өнер көрсеткім келетінін айтқанмын. Қазір жазда аздап тынығып, күнделікті жаттығу жасап, салмақты бақылап, тамызда толыққанды дайындықты бастаймын деп отырмын», – деді Пимблетт.

Айта кетейік, Пимблетт 2022 жылдан бері UFC-де жеңілмей келеді. Оның еншісінде қатарынан жеті жеңіс бар.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар