Сәкен Бибосынов Хабаровскідегі турнирде алтын алды

Сакен Бибосынов

Сакен Бибосынов. Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасының белді боксшысы Сәкен Бибосынов Ресейдің Хабаровск қаласында өткен Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде топ жарды. Ол 54 келіге дейінгі салмақта финалдық жекпе-жекке шықты.

Шешуші сында отандасымыз ринг иесі Денис Пальшинмен қолғап түйістірді. Үш раундтан соң төрешілер бірауыздан жеңісті Бибосыновқа беріп, оның чемпион атануына жол ашты. Бұл – Қазақстан құрамасының аталған жарыстағы алғашқы алтын медалі.

Айта кетейік, Сәкен жартылай финалда Хасанбой Дусматовтың інісі – өзбекстандық Фарёзбек Дусматовты 5:0 есебімен айқын жеңіп шыққан болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар