Александер Чеферин Астанаға ресми сапармен келеді

Александер Чеферин

Александер Чеферин. Фото: UEFA via Getty Images

25 сәуір күні УЕФА президенті Александер Чеферин Астанаға ресми сапармен ұшып келеді. Бұл туралы ҚФФ президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман Sport+ арнасына берген сұхбатында айтты.

Оның сөзінше, Чеферин бұған дейін де Қазақстанға келген, бірақ ол сапары жеке сипатта болған — Алматыдағы «Қайрат» академиясында қонақта болған. Ал бұл жолғы келуі — ресми.

Сапар аясында УЕФА басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу өткізеді және Қазақстан футбол федерациясына барады. Бұл іссапар Қазақстан футболы күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру