Балауса Муздиман – әлемнің үздік он боксшысының қатарында

Балауса Муздиман

Балауса Муздиман. Фото: muzdi___

Қазақстандық кәсіби боксшы қыз Балауса Муздиман рингтегі жолын сенімді жалғастырып келеді. 5 сәуірде Астанада өткен Жәнібек Әлімханұлының қатысуымен өткен бокс кешінде ол филиппиндік тәжірибелі Мария Тереза Пинилемен (7-2, 2 KO) қолғап түйістіріп, әдемі жеңіске жетті.

Сегіз раундқа созылған жекпе-жек төрешілер шешімімен Балаусаның пайдасына аяқталды. Жерлесіміз қарсыласынан басым түсіп, техникалық артықшылығын анық көрсетті.

Осы жеңістен кейін Балауса BoxRec жаңартылған рейтингінде үлкен серпіліс жасап, 53,5 келі салмақ дәрежесінде 14-орыннан 9-орынға көтерілді. Бұл – оның алғаш рет әлемнің үздік ондығына кіруі.

Айта кетейік, қазіргі таңда әйелдер боксында Қазақстан атынан тағы бір үміткер – Ангелина Лукас та әлемдік рейтингте үздік үштікке енген. Екі боксшы да ел үмітін ақтап, үлкен белестерге бет алып келеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады