«Интер» Роналдудан бас тартты — Милан клубының жоспары басқаша

Криштиану Роналду

Криштиану Роналду Фото: GI

«Интер» жазғы трансфер кезінде Криштиану Роналдуды қатарға қосудан бас тартты. Бұл туралы Tuttosport басылымы хабарлады. Клуб жұлдызды ойыншымен келісімшарт жасасуды басты мақсат деп есептемейді.

Португалиялық шабуылшының Милан клубына ауысуы жайлы қауесеттер жиілесе де, «Интердің» бас директоры Джузеппе Маротта бұл трансфер клуб жоспарына кірмейтінін ашық айтты. Роналдудың 2025 жылы «Аль-Насрмен» келісімі аяқталған соң еркін агент атанатыны да бұл шешімге әсер етпеген.

Маротта қымбат келісімшарт клубтың қаржылық тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін екенін алға тартып, «Интер» ондай тәуекелге бармайтынын мәлімдеді.

Ал Роналду болса, мансабын жалғастыру үшін 2025 жылғы Клубтық әлем чемпионатына қатысатын командаларға назар аударып жүр екен.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді