Елдос Сметов Лос-Анджелес Олимпиадасына қатыса ма?

Елдос Сметов

Елдос Сметов

 

Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов үлкен спорттан кетпейді. Бұл туралы оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев мәлімдеді.

Қазір Елдос Лондонда, шет тілін үйреніп жүр, сонымен қатар жаттығуды тоқтатқан жоқ. Мамыр айында ол елге оралып, жаңа жарыстарға тыңғылықты дайындықты бастайды.

«Мен қазір Тараздамын, жас дзюдошыларды жаттықтырып жүрмін, ұлттық құрамада жоқпын. Бірақ Елдос мансабын жалғастыруды ұйғарған соң, мен де оның дайындығына толықтай көңіл бөлуге шешім қабылдадым. Ол Қазақстанға оралған соң, жаттығу қарқынын күшейтеді. Кейін алдағы жарыстарға қатысу мәселесін пысықтаймыз. Елдос 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасында бақ сынап, тарихқа өз есімін жазғысы келеді, біз осы мақсатқа дайындаламыз», – деді Жылгелдиев Sportbugin.kz басылымына берген сұхбатында.

Сметов – барлық мүмкін титулды жеңіп алған тұңғыш қазақстандық дзюдошы. Ол 2015 жылғы әлем чемпионы, Азия чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, Олимпиада чемпионы (2024), күміс жүлдегері (2016) және қола жүлдегері (2021).

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
06 Дек - 13:10 Күрес
Қазақстан күрес федерациясының жаңа президенті сайланды
02 Дек - 16:03 Күрес
Әлішер Ерғали өзіне жаңа күрес түрінен финалға шықты
30 Ноя - 17:03 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирін бір жүлдемен аяқтады
28 Ноя - 18:34 Күрес
Абиба Әбужақынова Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді
27 Ноя - 18:08 Күрес
Дзюдодан Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайды
13 Ноя - 15:33 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде бақ сынайды
09 Ноя - 18:33 Күрес
Дзюдо: Назгүл Маратова Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды
09 Ноя - 15:14 Күрес
Аруна Жангелдина дзюдодан Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды
29 Окт - 11:25 Күрес
Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне Қазақстан құрамасы толық құраммен барады
28 Окт - 10:33 Күрес
Ризабек Айтмұхан еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды