Goal «Алтын доп 2025» жүлдесіне үміткерлер тізімін жариялады

Золотой мяч

Золотой мяч

Белгілі Goal басылымы 2025 жылғы «Алтын доп» жүлдесін жеңіп алуға басты үміткерлердің тізімін жариялады. Бұл тізімге Еуропаның үздік клубтарында ойнайтын 20 футболшы енді.

Үздіктер қатарында Килиан Мбаппе («Реал»), Ламин Ямаль («Барселона»), Джуд Беллингем («Реал»), Гарри Кейн («Бавария»), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») секілді жұлдыздар бар. Ал рейтингтің көшін күтпеген жерден Рафинья Диас бастады.

Айта кетейік, 2024 жылғы «Алтын доп» жүлдесін «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри жеңіп алған еді. Салтанатты марапаттау рәсімі 28 қазанда Парижде өтті.

Тізім маусым барысында өзгеруі мүмкін. Жеңімпазды анықтауда ұлттық чемпионаттардағы, Чемпиондар лигасындағы және Еуро-2024 турниріндегі көрсеткіштер үлкен рөл атқарады.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру