Айымбетовтың командасы маусым аяқталмай жатып Суперлигадан шығып қалды

Абат Аймбетов

Абат Аймбетов

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов ойнайтын «Адана Демирспор» Түркия Суперлигасынан шығып қалды. 28-турдан кейін команданың ұпай көрсеткіші теріс мәнде, бұл оларға жоғары лигада қалу мүмкіндігінен айырылуға себеп болды.

Осылайша, «Адана Демирспор» маусым аяқталмай тұрып-ақ төменгі лигаға түсіп қалды. Клуб төрт жылдан кейін Суперлигадағы орнын босатады.

Енді команда келесі маусымды Түркияның Бірінші лигасында өткізеді. Ал клубтың болашағы жаңа өзгерістерге байланысты болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру