«Ливерпуль» «Тоттенхэмді» жеңіп, Лига кубогының төртінші раундына өтті

images 1 4

2026/27 жылғы Англия Лига кубогындағы алғашқы ойынын «Ливерпуль» жеңіспен бастады. Үшінші раундта «Энфилдте» «Тоттенхэмді» қабылдаған мерсисайдтық клуб 3:1 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Кездесудегі алғашқы гол 21-минутта соғылды. Алексис Мак Аллистер «Ливерпульдің» шабуылын сәтті аяқтап, командасын алға шығарды. Екінші тайм басталғаннан кейін алаң иелері басымдығын арттыра түсті. 54-минутта Коди Гакпо есепті 2:0-ге жеткізді.

«Тоттенхэм» араға 15 минут салып жауап берді. 69-минутта Конор Галлахер лондондықтардың бір гол соғуына мүмкіндік беріп, есеп айырмасын қысқартты. Осыдан кейін қонақтар таразы басын теңестіруге талпынып, «Ливерпуль» қақпасына қысым жасады. Дегенмен алаң иелері қарсыластың шабуылына төтеп берді. Матчтың қосымша уақытында Доминик Собослаи «Тоттенхэмнің» соңғы үмітін үзді. Венгриялық жартылай қорғаушы 90+1-минутта гол соғып, ойынның қорытынды есебін 3:1-ге жеткізді.

Англия Лига кубогы. Үшінші раунд

«Ливерпуль» – «Тоттенхэм» – 3:1 (1:0)

Голдар: Мак Аллистер, 21 (1:0); Гакпо, 54 (2:0); Галлахер, 69 (2:1); Собослаи, 90+1 (3:1).

Осы нәтижеден кейін «Ливерпуль» Лига кубогының төртінші раундына өтті, ал «Тоттенхэм» жарыстан шығып қалды. Лондондық команда үшін бұл жеңіліс маусымның сәтсіз басталғанын тағы көрсетті. «Энфилдке» дейін «Тоттенхэм» АПЛ-дің алғашқы төрт турында бірде-бір гол соға алмай, небәрі екі ұпай жинаған еді. Ал «Ливерпуль» Лига кубогындағы жеңістер саны бойынша рекорд иегері саналады – мерсисайдтық клуб турнирді 10 рет жеңіп алған. Биыл команда жарысты үшінші раундтан бастады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:50 Футбол
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттан» кетті: бұрынғы ойыншы оны Қазақстандағы ең мықты бапкер деп атады
27 Окт - 13:50 Футбол
France Football Ламин Ямалдың «Алтын доп»-2026 жүлдесін неге жеңе алмағанын түсіндірді
27 Окт - 13:17 Футбол
Килиан Мбаппе «Алтын доп»-2026 дауыс беруіндегі екінші орынға реакция білдірді
27 Окт - 11:04 Футбол
Криштиану Роналду Португалия құрамасының кеңейтілген тізіміне енді
27 Окт - 10:20 Футбол
Харри Кейн 30 жылдан кейін Бундеслигадан шыққан алғашқы «Алтын доп» иегері атанды
27 Окт - 09:49 Футбол
«Ордабасы» Чемпиондар лигасындағы жолын бірінші іріктеу кезеңінен бастайды
27 Окт - 09:00 Футбол
Харри Кейн мен Алексия Путельяс «Алтын доп-2026» иегерлері атанды
23 Окт - 10:30 Футбол
«Ордабасы» мен «Қайрат» КПЛ-дің 29-туры аясында маңызды матчтарын өткізеді
23 Окт - 09:07 Футбол
Грекиялық БАҚ «Панатинаикос» қорғаушыларының «Қайратқа» қарсы ойынына баға берді
21 Окт - 15:05 Футбол
Рафаэль Уразбахтин: ««Панатинаикосты» құрметтейміз, бірақ одан қорықпаймыз»