Руслан Мадиев АҚШ-қа аттануға дайын

Руслан Мадиев

Руслан Мадиев

Полуорта салмақтағы WBA Азия чемпионы, қазақстандық боксшы Руслан Мадиев АҚШ визасын алды.

Бұған дейін спортшы Америкаға қайта оралып, үлкен жекпе-жектер өткізіп, дайындық жүргізуді мақсат еткенін айтқан еді. Айта кетейік, Руслан кәсіпқой мансабын Калифорнияда Геннадий Головкиннің командасында бастап, кейін Golden Boy Promotions промоутерлік ұйымымен келісімшартқа отырған.

Мадиев соңғы жекпе-жегін 1 ақпанда Таиландтың Бангкок қаласында өткізді. Ол филиппиндік Али Канеганы 96-93 есебімен ұпай айырмасымен жеңіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру