Қазақстан құрамасы Еуро-2026 жолдамасын қосымша матчтарда сарапқа салады

Национальная сборная Казахстана по футзалу

Национальная сборная Казахстана по футзалу

Футзалдан Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің шешуші ойынында Арменияға 2:4 есебімен жол берді.

Бұл жеңістен кейін армяндар топта бірінші орын алып, Еуро-2026 турниріне тікелей жолдама иеленді. Ал Қазақстан екінші орынмен шектеліп, енді плей-офф кезеңінде бақ сынайды. Бұл кезеңге өз топтарында екінші орын алған үздік сегіз құрама қатысады.

Қазіргі уақытта Босния және Герцеговина, Беларусь, Қазақстан, Румыния, Грузия, Бельгия, Словакия және Нидерланд плей-оффқа шыққан.

Қазақстан құрамасы футзалдағы тәжірибесі мол командалардың бірі. Ұлттық құрама Еуро-2016-ның қола жүлдегері және төрт рет әлем чемпионатына қатысқан.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру