Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адаместі қорқақ деп айыптады

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы

Орта салмақта WBO мен IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) WBC белбеуінің иегері Карлос Адаместі (24-1, 18 КО) қорқақ деп атады.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы екі жылдан бері Адаместі жекпе-жекке шақырып келеді. Алайда доминикандық спортшы бұл ұсынысты қабылдауға асығар емес.

«Карлосты түсіне алмай-ақ қойдым. Екі белбеуім бар, мен оны жекпе-жекке шақырдым. Бірақ ол менімен жұдырықтасудың орнына, Хамза Ширазбен кездескелі жатыр. Ақша үшін. Адамес менімен жұдырықтасудан қорқады. Өйткені мен оны спаррингте жеңгенмін», – деп жазды Әлімханұлы X-тегі парақшасында.

Айта кетейік, Карлос Адамес пен британдық Хамза Шираздың жекпе-жегі 22 ақпанда өтеді. Бұл кездесуде Адаместің WBC белбеуі сарапқа салынады.

Ал Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні Астанада франциялық Анауэль Нгамиссемен (14-0, 9 КО) рингке шығып, екі чемпиондық белбеуін қорғайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады