Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан топтық көпсайыста қола жүлдеге ие болды

1779709117 1

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілдері Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Отандастарымыз топтық көпсайыста үздік үштіктен көрінді.

Бұл бағдарламада ел намысын Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай қорғады.

Қазақстандық гимнастар жарыс қорытындысы бойынша 52,85 ұпай жинады. Алтын медальді Өзбекстан құрамасы жеңіп алды – 53,95 ұпай. Қытай құрамасы 53,8 ұпаймен күміс жүлдегер атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста күміс жүлде иеленсе, ұлттық құрама командалық көпсайыста да екінші орын алған болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 16:30 Басқа
Журова Нидерландының ресейлік гимнасткаларға виза бермеуін сынға алды
12 Окт - 11:05 Басқа
Мария Севостьянова Париждегі таеквондодан Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
11 Окт - 08:56 Басқа
Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алды
07 Окт - 16:27 Басқа
Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловпен кездесті
07 Окт - 15:15 Басқа
Қазақстан шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңдеріне құрамын анықтады
02 Окт - 09:10 Басқа
Рита Бакишева Азия ойындарында тарихи қола медаль жеңіп алды
28 Сен - 16:00 Басқа Жеңіл атлетика
Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы нәтижесі жарамсыз деп танылды
28 Сен - 15:05 Басқа
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісінен кейін қабылдады
28 Сен - 11:37 Басқа
Қазақстандық мергендер Азия ойындарында тоғызыншы орынға ие болды
28 Сен - 08:30 Басқа
Қазақстан артистік жүзуден Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды