Сәкен Бибосынов қатысуы тиіс турнир ресми түрде өтпейтін болды

Сакен Бибосынов

Сакен Бибосынов

Бішкекте өтуі жоспарланған «Bishkek Worldwide Clash» бокс кеші ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Турнирдің өтпейтіні туралы SaikouLush Boxing Promotions промоушені мәлімдеді. Ұйымдастырушылар ресми хабарламада бұған күтпеген жағдайлар себеп болғанын айтты.

Сонымен қатар промоушен өкілдері турнирді күткен боксшылардан, жаттықтырушылардан, серіктестерден, демеушілерден және жанкүйерлерден кешірім сұрады.

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов бұл кеште жеңіліп көрмеген индонезиялық боксшы Сурия Дхармамен жұдырықтасуы тиіс болған. Бұл қазақстандық спортшының кәсіпқой рингтегі үшінші айқасы болуы мүмкін еді.

Еске салсақ, Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютін 2025 жылдың шілде айында Бішкекте өткізген болатын. Сол кезде ол филиппиндік Кристиан Леганені бірінші раундта нокаутқа түсірген еді. Ал екінші жекпе-жегінде қазақстандық боксшы жергілікті спортшы Адилет Качкынбековті төрешілер шешімімен жеңді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады
30 Сен - 12:05 Бокс
Торехан Сабырхан Азия ойындарының финалына жолдама алды
28 Сен - 18:30 Бокс
Нұрбек Оралбай Азия ойындарындағы жарысын ширек финалда аяқтады
28 Сен - 13:45 Жекпе-жек Бокс
Торехан Сабырхан Азия ойындарының жартылай финалына мерзімінен бұрын жолдама алды
28 Сен - 10:45 Бокс
Алуа Балкибекова Азия ойындарының жартылай финалына шығып, медальға кепілдік берді
26 Сен - 10:45 Бокс
Нұрбек Оралбай Азия ойындарын жеңіспен бастады
26 Сен - 09:15 Бокс
Махмуд Сабырхан Азия ойындарында сенімді жеңіске жетті