Елена Рыбакина Рим турнирінің үшінші айналымына сенімді өтті

Фото: WTA
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA-1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Жарыс Foro Italico кешенінің топырақ корттарында өтіп жатыр.
Рыбакина турнирде екінші нөмірмен тіркеліп, жоғары рейтингі арқасында алғашқы айналымды автоматты түрде өткізді. Екінші кезеңде ол әлемдік рейтингте 47-орында тұрған грекиялық Мария Саккаримен кездесті. Бұған дейін Саккари әлемнің үшінші ракеткасы атанған.
Матч қазақстандық теннисшінің 6:4, 6:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды. Ойын барысында Рыбакина бес эйс жасап, екі қос қателік жіберді және он екі брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.
Осы жеңістің арқасында Елена Рыбакина турнирдің үшінші айналымына шықты. Келесі кезеңде ол филиппиндік Александра Эаламен кездеседі. Матч 10 мамырға жоспарланған.
Қуат Хамитов ACA 206 турнирінде жекпе-жек өткізеді
Григорий Ломакин Исламабадтағы турнирдегі өнерін аяқтады
