Қуат Хамитов ACA 206 турнирінде жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін ACA 206 турнирінде өткізеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Оның қарсыласы ресейлік Алексей Махно болады.
Алдағы кездесу туралы ACA лигасының президенті Магомед Бибулатов мәлімдеді. Хамитов пен Махно арасындағы айқас тамыз айында өтетін турнирдің негізгі оқиғаларының бірі болмақ.
Қуат Хамитов соңғы рет 2025 жылдың қазанында өткен ACA 194 турнирінде октагонға шыққан еді. Сол кеште ол Анатолий Бойконы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді. Қазіргі таңда қазақстандық файтердің еншісінде 25 жеңіс, тоғыз жеңіліс және бір тең нәтиже бар.
Алексей Махно соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың желтоқсанында ACA 197 турнирінде өткізді. Ресейлік спортшы Аурел Пиртеаға үшінші раундта қылқындыру әдісімен есе жіберді. Оның кәсіби рекорды — 27 жеңіс және 13 жеңіліс.


