Салах «Фенербахчеге» ауысуы мүмкін

Мохамед Салах

Фото: NDTV Sports

«Ливерпуль» және Мысыр құрамасының шабуылшысы Мохамед Салах Түркияның «Фенербахче» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Стамбұлдық клуб ойыншы трансфері бойынша алдын ала келіссөздер жүргізді.

Салах «Ливерпуль» сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді және команданың негізгі ойыншыларының бірі саналады. Осы уақыт ішінде ол 440 матч өткізіп, 257 гол соғып, 122 нәтижелі пас берген. Оның клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін күшінде.

Дереккөз мәліметінше, «Фенербахче» өкілдері 33 жастағы шабуылшының агенттерімен байланысқа шыққан. Ойыншы тарапынан жылына 20 миллион еуро жалақы талап етілген.

Келіссөздердің нәтижесі тараптардың ұстанымына байланысты болады. Қазіргі таңда трансфер мәселесі талқылау кезеңінде тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
30 Июл - 23:11 Футбол
«Тобыл» пенальти сериясында жеңіске жетіп, Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
30 Июл - 20:45 Футбол
УЕФА ФИФА турнирлеріне бойкот жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді
29 Июл - 23:11 Футбол
«Қайрат» қатарынан екінші маусымда еурокубоктың негізгі кезеңінде ойнайды
29 Июл - 22:39 Футбол
«Қайрат» драмалық матчта Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
29 Июл - 15:05 Футбол
ПСЖ Родри үшін «Реалмен» таласқа қосылды
29 Июл - 13:45 Футбол
«Қайрат» – «Омония» матчын қайдан көруге болады
29 Июл - 10:55 Футбол
«Ювентус» Джошуа Зиркзеені жалға алуға жақын
29 Июл - 08:30 Футбол
Дастан Сәтбаевтың «Челсидегі» дебюттік голы әлеуметтік желіде қызу талқыланды
28 Июл - 17:55 Футбол
Магомед Адиев Қазақстан құрамасына оралу туралы пікір білдірді
28 Июл - 16:26 Футбол
Зинедин Зидан Франция құрамасының бас бапкері атанды